25 жастағы канадалық қорғаушы Диллон Хетерингтон елордалық командаға Америкалық хоккей лигасында (АХЛ) бақ сынайтын «Техас Старз» клубынан ауысып келді. Өткен маусымда ол «Техас Старз» командасымен лиганың 59 матчына қатысып, 14 (2+12) ұпай жинаған. Калгари қаласының тумасы Хетерингтон АХЛ-да жалпы саны 313 кездесу өткізіп, қарсыластар қақпасын 13 мәрте дәл көздесе,76 рет әріптестеріне нәтижелі пас асырған.
Сондай-ақ ол «Даллас Старзбен» бірге Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) 11 ойын өткізіп, екі мәрте дәл пас берген. Өз кезегінде Диллон Хетерингтон Канаданың жасөспірімдер және жастар құрамасымен бірге шайбалы хоккейден әлем чемпионы атанған. Сонымен қатар «Лейк Эри Монстерз» командасымен АХЛ-да топ жарған.