Әлем • 03 Қараша, 2020

Грузияның үкімет басшысы коронавирус жұқтырды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузияның үкімет басшысы Георгий Гахария коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz жергілікті телеарнаға сілтеме жасап.

Грузияның үкімет басшысы коронавирус жұқтырды

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министр тапсырған тесттің нәтижесі оң болып шыққан. Гахария өзін жақсы сезінетіні туралы хабарланды. Ол қазіргі таңда үйде ем-дом қабылдап жатыр.  

Айта кетейік, 31 қазанда Георгий Гахария күзет қызметшісінде коронавирус анықталғаннан кейін оқшауланды.

"Өкінішке қарай, маған ерекше режимде жұмыс істеуге тура келіп тұр, себебі менің қызметкерімнен коронавирус анықталды. Сәйкесінше, мен оқшауландым және жұмысымды сол режімде жалғастырамын", деп жазды Гахария Facebook желісіндегі парақшасында.