16 Сәуір, 2010

ДАЯРЛЫҚ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14 сәуірде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлауға даярлық және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің селекторлық кеңес түріндегі отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Ұйымдастыру комитетінің отырысына Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, сондай-ақ орталық және жергілікті атқару органдарының басшылары қатысты.