26 қазан күні Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөліміне 28 жастағы азамат хабарласып, қаладағы аялдамалардың бірінде тұрғанда өзін белгісіз біреудің ұрып-соғып, ашық түрде ақшасы мен ұялы телефонын тартып әкеткендігі туралы арызданған. Келтірілген шығын көлемі 89 мың теңгені құрады.
Жәбірленушінің айтуынша өзін ұрып-соққан адам 29-30 жас шамасында болған. Криминалдық полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы ер адам ұсталып, ол қылмысын мойындады.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.