Жолбарыстың өмір сүруіне жарамды аумақтың жалпы ауданы 1 млн гектардан асады. Болжамға сенсек, мұнда бұл жануардың 100-ден 200-ге дейін көбейтуге болады.
Тұран жолбарыстары соңғы рет 1970 жылдары байқалған еді. Олар Таяу Шығыс, Қап тауы (Закавказ) және Орталық Азия, сол секілді Түркиядан бастап солтүстік-батыс Қытайға дейінгі аралықты мекен еткен.
Ғалымдардың айтуынша, бұл жолбарыстың жоғалуына қасақана жаппай қыру, жолбарыстың азық-түлік базасы ретінде тұяқты жануарларды бақылаусыз аулау, сондай-ақ суару жобаларын жүзеге асыру арқылы мекендейтін жерлердің жойылуы себеп болған.
Бүгінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балқаш маңында жолбарысты қалпына келтіру бағдарламасын әзірледі. Ол 15 жылға есептеліп, осы арқылы мекендейтін жерлерді дайындау, жолбарыстарды табиғатқа шығаруды және бағдарламаның сәтті жүзеге асырылуын бақылау қамтылады.
Қазір жаңадан ерекше қорғалатын табиғи аумақ – «Іле-
Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Сондай-ақ браконьерліктен қорғау жүйесі және табиғат пайдаланудың тыйым салынған түрлерінің алдын алуды қамтитын аумақтық басқару жоспары әзірленіп, іске асырылып жатыр. Сонымен қатар биотехникалық іс-шараларға байланысты жабайы доңыздың тығыздығын арттыру және бұхарлық бұғының популяциясын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осыдан кейін экожүйе жолбарыстың ұзақ мерзімді популяциясын дамытуға жол ашады.
Реинтродукциялау жұмысына Амур түріне жататын жолбарыстар пайдаланылады деп көзделуде.
2010 жылы Қазақстан жолбарысты сақтауға арналған Халықаралық саммитте Тұран жолбарысының популяциясын Орта Азияға қайтаруға дайын екенін мәлімдеген еді.
2017 жылы Қазақстан мен Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) арасында Іле өзені атырабында және оңтүстік Балқаш маңы аумағында жолбарысты реинтродукциялау жөніндегі Бағдарламаны іске асыру туралы Меморандумға қол қойылды.
Бағдарлама 3 кезеңнен тұрады. Атап айтқанда, экожүйелерді қалпына келтіру (доңыздар мен шабақтардың санын ұлғайту, Бұқар (тоғай) бұғысын және тоғай ормандарын қалпына келтіру, табиғатқа алғашқы жолбарыстарды шығару, топты қалыптастыру, жолбарыстардың мінез-құлқын бақылау және мониторингін жасау, сондай-ақ жолбарыстар популяциясы мониторингін қолға алып қорғау және туризмді дамыту кіреді.