Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан 160 медицина қызметкеріне 320 млн теңге өтемақы төленді. Қауіпті індеттен көз жұмған 8 медицина қызметкерінің жанұясына 80 млн теңге, қосымша 1 қызметкерге жергілікті бюджеттен 10 млн теңге төленді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол өңірлік баспасөз конференциясында жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы қызметкерлерінің үстемақы төлеу мәселесіне тоқталды.
"Мәселен, қазан айына дейін үстемақы төлеуде қызметкердің нақты жұмыс істеген уақыты күндермен есептелсе, 15 қазаннан бастап тәртіп өзгереді. Енді жұмыс істеген уақыттары сағатпен есептелетін болды. Бұл жағдайда бұрынғы нұсқамамен соңғы төленетін үстемақының мөлшері едәуір азаятыны анықталды. Жедел-жәрдем қызметінің кіші буын қызметкерлеріне үстемақы төлеу көзделмеген. Десе де пандемия кезінде жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты, кіші буын қызметкерлерінің жалақы көлемін ұлғайту мәселесі қарастырылады", - деді Жамал Жаманбаева.
Өңірдегі І және II деңгейді инфекциялық стационарда 57 адам ем алып жатыр. 57 науқастың 8-і тест тапсырған, сынама оң нәтиже көрсетті.
"Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 5 науқас жатыр. 4 науқастың жағдайы ауыр, тағы 1 науқас өте ауыр хәлде деп бағалануда. Біреуі тыныс алу аппаратына қосылған. Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп. Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 27 пайызды құрайды. Сондай-ақ Маңғыстауда жедел-жәрдем автокөлігінің санын көбейту мақсатында 62 реанимобиль алынады. Қазіргі уақытта 20 жедел-жәрдем көлігі пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін ауылдық елді-мекендерге 34 медициналық УАЗ автокөлігі алынатын болады. Күні кеше 2 жылжымалы медициналық кешен алынып, Қарақия және Түпқараған ауданына берілді", - деді Жамал Жаманбаева.
Облыс көлемінде 215 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын, реанимациялық төсек саны 43. Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.
Қазақстан • Бүгін, 22:38
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Бүгін, 22:35
Аймақтар • Бүгін, 22:32
Қазақстан • Бүгін, 22:27
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Бүгін, 22:24
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Бүгін, 22:22
Қоғам • Бүгін, 22:20
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Бүгін, 22:19
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Бүгін, 22:16
Мұғалім – оқушы – ата-ана: Бұл үштіктің бала тәрбиесіндегі маңызы ұшан-теңіз
Қоғам • Бүгін, 22:13
Экономика • Бүгін, 22:12
Экономика • Бүгін, 22:09
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Бүгін, 22:06
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 22:04
Өресі биік өнертанушы Мәриям Ахметова туралы не білеміз?
Өнер • Бүгін, 22:00
Өнер • Бүгін, 21:59
Өнер • Бүгін, 21:57
Өнер • Бүгін, 21:56
Таным • Бүгін, 21:53
«Барыс» «Автомобилистен» жеңілді
Спорт • Бүгін, 21:51
«Испания Вуэльтасына» қатысады
Спорт • Бүгін, 21:49
Ұстаз еңбегінің ұлағатын асырған
Білім • Бүгін, 21:44
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Ұлттық спорт • Бүгін, 21:41
Қазақстанның әйелдер командасы жүзуден Исламиада медалін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 21:40
Кино • Бүгін, 21:36
Теннис • Бүгін, 21:36
Мұқтаж отбасындағы баланы мектепке дайындауға 43 мың теңгеден берілді
Қоғам • Бүгін, 21:08
Елімізде алғаш рет мүгедек арбасындағы теннистен ел чемпионаты өтеді
Теннис • Бүгін, 20:45
Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 20:10
Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Бүгін, 19:35
Қазақстанның экспорты 6 айда 56,3% - ға өсті
Экономика • Бүгін, 19:10
Мексикада жыл басынан бері 14 журналист қаза тапқан
Әлем • Бүгін, 18:53
Исламиада ойындары: Бүгін қазақстандықтар спорттың бірнеше түрінен бақ сынайды
Спорт • Бүгін, 18:20
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:52
Қазгидромет биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады
Қазақстан • Бүгін, 17:43
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 17:40
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті
Медицина • Бүгін, 17:35
Әлихан Смайылов TAV Airports Holding басшысымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 17:22
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Бүгін, 17:10
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Бүгін, 17:01
Ұқсас жаңалықтар