Аймақтар • 04 Қараша, 2020

Маңғыстау облысы репродуктивті көрсеткіш бойынша жасыл аймақта тұр

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы коммуникация орталығында өткен брифингте Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Бердібек Саралтаевтың айтуынша, соңғы аптада Маңғыстау облысы репродуктивті көрсеткіш бойынша жасыл аймақта. 27 қазан мен 2 қараша аралығындағы көрсеткіш бойынша өңірде 30 коронавирус инфекциясы мен 13 пневмония белгісі бар науқас анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысы репродуктивті көрсеткіш бойынша жасыл аймақта тұр

"Эпидемиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты, карантиндік шараларды жеңілдетуге байланысты қаулы шығардық. 2020 жылдың 27 наурызы мен 02 қараша аралығында 3405  COVID -19  жағдайы тіркелді. Оның ішінде 1160 шағымы бар, 2245 шағымсыз науқас анықталып, аурушаңдықтың көрсеткіші 479,0 құрайды. Репродуктивті көрсеткіш 1,0.  Төсек қорының көрсеткіші 33 пайыз. Короновирус инфекциясынан қайтыс болғандар - 72 науқас, емделіп шыққандар – 3299",  деді Бердібек Саралтаев.

6-шы қазанан бастап, Өзбекстан  елімен "Тажен" автомобиль өткізу пункті арқылы облысқа 4586 транзиттік автокөлік пен 52 жаяу жолаушы кірді. 32 азаматта ПТР анықтамасы бар, 20 жолаушыда ПТР тесті жоқ. Тест сынамасы алынып 20 азаматтың ішінен 2 оң нәтиже анықталды. Екеуі де шағымсыз түрімен анықталуына байланысты үй карантиніне алынды. 

Айта кетейік, Маңғыстауда 17 тамыздан бастап 24 мониторинг тобы құрылып, 665 рейдтік  тексеру жүргізілді. Рейд кезінде 118 нысанда заң бұзушылықтар анықталып, 57 әкімшілік хаттама  толтырылды.