Қазақстан • 04 Қараша, 2020

JETI QAZYNA коллекциялық монеталары айналымға шығады

508 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ұлттық банк «Дала қазынасы» сериясымен JETI QAZYNA монеталарын айналымға шығарады, - деп хабарлайды Egemen.kz

JETI QAZYNA коллекциялық монеталары айналымға шығады

Монеталар 100 теңгелік номинал «uncirculated» сапамен нибрасс/нейзильбер қоспасынан дайындалған.

  • 500 теңгелік номинал алтыннан дайындалған;
  • 500 теңгелік номинал күмістен дайындалған;
  • 5000 теңгелік номинал күмістен дайындалған;
  • 200 теңгелік номинал бір блистерлік жиынтықта тұратын мельхиор қоспасынан дайындалған және 100 теңгелік номинал нибрасс/нейзильбер қоспасынан дайындалған, сапасы - «brilliant uncirculated».

«JETI QAZYNA» монеталары «Дала қазынасы» сериясымен шығарылады. Ежелгі аңыз бойынша, нағыз қазақ көшпендісінің басты жеті қазынасы болған: ер жігіт, ақылды, сұлу әйел, құмай тазы, ақыл-білім, берен мылтық, жүйрік ат және қыран бүркіт. Ақылды жар – отбасының берекесі, құмай тазы – аң аулаудағы серігі, берен мылтықпен ұрыста сәтсіздікке ұшырамайды, жүйрік ат пен қыран бүркіт – жауапты сәтте көмекші, ал жан-жақты білім – дана шешім қабылдауға көмектеседі деп есептелген.

Номиналы 100 теңгелік биколорлы айналыстағы монеталар 7 түрде берілген - «ER JIGIT», «SULÝ ÁIEL», «QUMAI TAZY», «AQYL BILIM», «BEREN MYLTYQ», «JÚIRIK AT», «QYRAN BÚRKIT».

Бұл монеталар айналымға тек екінші деңгейдегі банктер арқылы шығарылады. Кейін айналымдағы өзге монеталармен бірге қолма-қол ақша түрінде пайдаланылады. Бұл «JETI QAZYNA» сериясындағы монеталар заңды төлем құралы ретінде танылады және төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті, яғни, оларды тауар алғанда немесе белгілі бір қызметті пайдаланғанда төлем құралы ретінде пайдалануға болады деген сөз.

Монеталардың техникалық және нақты өлшемдері (массасы, диаметрі, қалыңдығы, металл қорытпасы) өзгеріссіз сақталған. Техникалық сипаттамалары жағынан олар номиналы 100 теңгелік монеталарға толығымен ұқсас. Сол себепті «JETI QAZYNA» монеталарын қабылдау үшін төлем терминалдары мен басқа да кассалық техниканы қосымша қайта теңшеу талап етілмейді.

100 теңгелік номиналдың массасы – 6,45 г, диаметрі – 24,5 мм. Әр түрінен 500 000 дана, жалпы таралымы – 3,5 млн дана.

Алтыннан, күмістен және мельхиордан дайындалған «JETI QAZYNA» коллекциялық монеталары барлық жеті дала қазынасының көркем бейнесін бір монетада көрсетеді.

Блистерлік жиынтық номиналы 200 теңгелік «рrооf-like» сапасымен мельхиор қоспасынан дайындалған бір коллекциялық монетадан және номиналы 100 теңгелік «brilliant uncirculated» сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан дайындалған жеті биколорлы айналыстағы монетадан тұрады. Бұл блистерлік жиынтықтың таралымы - 25 000 дана.

«JETI QAZYNA» коллекциялық монеталары:

1) 500 теңгелік номинал «proof» сапасымен 999/1000 сынамалы алтыннан тұрады, , массасы 7,78 грамм, диаметрі 25 мм, таралымы 1000 дана;

 

2) 5000 теңгелік номинал «proof» сапасымен 925/1000 сынамалы күмістен тұрады, , массасы 777,5 грамм, диаметрі 100 мм, таралымы 250 дана;

 

3) 500 теңгелік номинал «proof» сапасымен 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, , массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, таралымы 3 000 дана;

 

4) 200 теңгелік номинал «рrооf-like» сапасымен МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, таралымы 25 000 дана.

 

5) 100 теңгелік номинал «brilliant uncirculated» сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан тұрады, массасы 6,45 грамм, диаметрі 24,5 мм, әр түрінен 25 000 дана, жалпы таралымы 175 000 дана. 

Номиналы 500 теңгелік - алтыннан, номиналы 500 және 5 000 теңгелік - күмістен дайындалған монеталар, номиналы 200 теңгелік мельхиор қоспасынан дайындалған бір коллекциялық монетадан және номиналы 100 теңгелік «brilliant uncirculated» сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан дайындалған жеті биколорлы айналыстағы монетадан тұратын блистерлік жиынтық коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Алтыннан және күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. «рrооf-like» сапасымен мельхиор қоспасынан және «brilliant uncirculated» сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан дайындалған монеталар блистерлік жиынтықта шығарылады.

Бұл монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазылуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Айналымдағы коллекциялық және биколорлы монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Бағалы металдардан жасалған және блистерлік жиынтықтардағы коллекциялық монеталарды сату күні туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында жарияланады. Бұл монеталарды Ұлттық Банктің барлық аумақтық филиалдарынан, сондай-ақ ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.