Қоғам • 04 Қараша, 2020

Алматыда маска шығаратын өндірушілер көбейді

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда маска шығаратын өндірушілер саны артты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда маска шығаратын өндірушілер көбейді

"Көктемде маскаға сұраныс жоғары болғаны белгілі. Соған байланысты Алматы қаласында қосымша маска шығаратын ірі 6 отандық өндіруші пайда болды. Олар күнделікті 882 мың маска шығаруға қауқарлы. Сонымен қатар қазір қоймада 20 млн медициналық масқа сақтаулы. "СК Фармация" ЖШС қыркүйек айында қосымша 10 млн маска сатып алды. Қажет болған жағдайда интервенция үшін қолданылады. Қаладағы 867 дәріхананың 95 пайызы маскамен қамтамасыз етілген", – деді Заңғар Сәлімбаев.

Дәріханаларға күнделікті жүргізілген мониторинг бойынша, барлығында маска жеткілікті екені анықталды. Қаланың медициналық ұйымдарында 1,6 млн жеке қорғану құралы бар. Жақында 2,7 млн астам құрал жеткізіледі. Бұл мәселені әкімдік қатаң бақылауға алып отыр.