Қоғам • 04 Қараша, 2020

Алматыда бірінші клиент көлік нөмірін үйге жеткізуге тапсырыс берді

169 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласының тұрғыны Юлия Гладышева кезекті автокөлік сатып алып, пандемия кезінде көлікті қайта тіркеу үшін мамандандырылған ХҚО-ға барғысы келмеген. Сонымен онлайн режимінде көлікті қалай қайта тіркеуге болатындығы туралы нұсқауларды оқып, оны өзі сынап көруді шешті. Алайда, Юлия жаңа көлікті қайта рәсімдеп қана қоймай, дайын техпаспорт пен нөмірлік белгілерді де үйге жеткізуге тапсырыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда бірінші клиент көлік нөмірін үйге жеткізуге тапсырыс берді

Бұл жақында ғана eGov.kz порталында қолданысқа енген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізуді ресімдеуге мүмкіндік беретін қызметтің арқасында мүмкін болды.

Ол үшін "Электрондық үкімет" порталында "Көлік және коммуникациялар" бөлімінің "Автомобиль көлігі" тармағында "МТНБ (мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі) және КҚТК-ны (көлік құралын тіркеу туралы куәлік) үйге жеткізу" қызметін таңдап, авторизациядан өту және оған тапсырыс беру қажет.

Бұл жерде қажетті деректерді толтырып, тұрғылықты мекенжайын көрсетіп, қызметке ақы төлеу жеткілікті. Қызмет құны 2240 теңге. Осыдан кейін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті МХҚО қызметкерінің үйге жеткізіп беруін күтесіз.

"Бәріміз үшін осындай қиын кезеңде сіздер өз клиенттеріңіздің денсаулығын ойлап отырғандарыңыз қуантады. Мен өмірімде алғаш рет мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ автокөлігімді қайта тіркей алдым, тіпті дайын құжаттарымды да ала алдым. Сол күні нөмірлер мен техпаспорт менің қолымда болды. Осындай ыңғайлы қызмет үшін рахмет. Мен барлық автокөлік иелеріне осылай жасауға кеңес берер едім", - дейді Юлия Гладышева.

Дайын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізу қызметі бір елдімекен шегінде, мамандандырылған ХҚКО бар қалалардың, облыс орталықтарының, аудан орталықтарының тұрғындарына қолжетімді екенін атап өткен жөн.