Елорда • 04 Қараша, 2020

Кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамту көрсеткіші жақсарды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бизнес-әлеуеті бар халық санының өсуі және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту елордада кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамту көрсеткіштеріне оң әсерін тигізді. Бұған Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы ұсынған деректер дәлел болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамту көрсеткіші жақсарды

"2020 жылдың 1 шілдесіне ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандар саны 358 524 адамды құрады, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,3%-ға артты. 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бұл көрсеткіш үстіміздегі жылы 4485 бірлікке ұлғайды. Бұл көрсеткіштің өсуіне кәсіпкерлік әлеуеті бар халық санының өсуі және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың кеңеюі әсер етеді", деп хабарлады басқарма.

Басқарманың мәліметінше, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтанда жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 140 342 бірлікті құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 6,7%-ға артты. Заңды тұлғаларға 50 331 шағын және орта бизнес, жеке кәсіпкерлерге – 89 677, шаруа қожалықтарына 334.

Сондай-ақ, өз ісін кеңейтуді қалайтындар үшін "Бизнестің жол картасы" жұмыс істейді. Жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлерге гранттар бөліп, инфрақұрылымдық қолдау жасайды. Жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер де, өз ісін ашқысы келетін қазақстандықтар да, оның ішінде әйелдер, мүмкіндіктері шектеулі адамдар және 50 жастан асқан адамдар конкурсқа қатыса алады. Биыл Нұр-Сұлтанда 57 грант иегері анықталды.