Тағайындау • 04 Қараша, 2020

"BANK RBK" Директорлар кеңесінің Төрағасы сайланды

557 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"BANK RBK" АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып Болат Жәмішев сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz

"BANK RBK" Директорлар кеңесінің Төрағасы сайланды

"Bank RBK" АҚ 2020 жылғы 30 қазанда Алматы қаласында өткен Банк ационерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен Болат Жәмішев Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры болып сайланғанын хабарлайды. 

Банктің Директорлар кеңесінің шешімімен Болат Жәмішев «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Банктің Директорлар кеңесінің басшысы қызметіне тағайындалған, жоғары мемлекеттік қызметтерде және қаржы секторында басшылық жұмыстың ауқымды тәжірибесін иемденетін Болат Жамишев қаржы институтын стратегиялық дамыту және еліміздің ең орнықты, тұрақты және сенімді банктерінің бірі ретінде оның позицияларын нығайту мәселелері бойынша жетекшілік етеді.

Сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банктің тәуелсіз директоры  Торстен Полдың өкілеттіктері бір жылға ұзартылды.

Осылайша, жүзеге асырылған өзгерістердің ескерілуімен, Банктің Директорлар кеңесі келесі құрамда қалыптастырылды: Болат Жәмішев (ДК төрағасы), Наталья Акентьева, Мұсабек Әлімбеков, Болатбек Жайназаров, Торстен Пол (ДК мүшелері).

Биографиялық анықтама:
Б. Жәмішев, экономика ғылымдарының кандидаты, әртүрлі жылдарда, атап айтқанда, келесі лауазымдарды иемденді:
•    ҚР Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары;
•    Қазақстан Республикасы Қаржы  ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы;
•    Еуразия даму банкінің Басқарма төрағасының орынбасары; 
•    ҚР Қаржы министрі;
•    ҚР Аймақтық даму министрі;
•    "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Басқарма төрағасы.

Сонымен қатар, Б.Жәмішев мемлекеттік сыңайлы сектордағы компаниялардың, даму институттарының және банк құрылымдарының Директорлар кеңесінде жұмыс істеудің үлкен тәжірибесін иемденеді.