Аймақтар • 04 Қараша, 2020

Ащы су енді қауіпті қарақшы атандырды

1522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айыртау ауданының Шалқар ауылында таныс дүкеншіден қарызға арақ алмақ болып келген 50 жасар адам  бетін қайтарған сатушы әйелді төбесінен бір ұрып, арағын алып қашқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ащы су енді қауіпті қарақшы атандырды

Дүкенші оның қызу екенін көрген соң қарызға арақ беруден бас тартқан екен. Ал сау кезінде беріп тұрғанға ұқсайды, өйткені ол екпіндей еніп, батыл қимылдаған. Алайда тұмсығы тасқа тигенде қарап қалмапты. Ана жақта «қимас» достары үстелде тосып отырғанда мас адам неден тартынсын, арақ бермеген сатушыны сұлатып салып, «ерлік» жасап кеткен екен...

Енді оның үстінен қауіпті қарақшы ретінде Қылмыстық кодекстің 191 бабымен іс қозғалды. Айыртау ауданы полиция бөлімінің бастығы Марат Серкешевтің айтуына қарағанда зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізіліп, денсаулығына келген ақау бойынша анықтама алған.