Нью-Йорк қаласының тәртіп сақшылары Манхэттен көшесіндегі наразылық білдірушілерді ұстай бастады. Белсенділер АҚШ президент сайлауындағы барлық дауысты есепке алуды талап етіп жатыр екен.
"Бір топ адам полицейлерді балағаттаған. Сондықтан құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларды ұстап, жерге жатқызып, кісен салып жатыр. Қалған полицейлер тәртіп бұзғандарды ұстап жатыр", дейді жергілікті басылым.
Мичиган штатында да наразылық шарасы өтіп жатыр. NBC телеарнасының мәліметінше, ондаған адам бюллетеньдер есептеліп жатқан жерге келіп, дауыстарды санауды тоқтатуын талап етуде.
Сондай-ақ дереккөз мәліметінше, Вашингтондағы Ақ үйдің маңында да қақтығыс болып жатыр. Қазіргі уақытта онда полицейлер жүр екен. АҚШ-тағы президент сайлауының қорытындысы неге жарияланбай жатқаны белгілі болды. Невада штатындағы дауыс берушілер әлі есептелмеді. Олар тек бүгін, 5 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 21.00-де) жарияланады. Қазіргі уақытта штатта дауыс бергендердің шамамен 75 пайызы есептелген. Осыған байланысты сайлау қорытындысы әлі жарияланбаған.
Айта кетейік, алдын ала мәлімет бойынша Невадада Байденге 588 252 адам дауыс берсе (49,3 пайыз), Трампқа 580 605 адам (48,7 пайыз) дауыс берген.