Сенатор Ақылбек Күрішбаев Үкімет басшысына жолдаған сауалында "Біздің басты кемшілігіміздің бірі – кадрларды даярлау жүйесін заман талабына сай қалыптастыра алмағанымыз. Бүгінгі таңда жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі біздің экономикамызды дамытудың елеулі тежегіші болып отыр", деді.
Депутат университеттердің басқару жүйесіне енгізілген реформалардағы өзге ғылыми әлеуетінің, білім беру бағдарламалары мен инфрақұрылымының сапасына ерекше мән берукеректігіне назар аударды. Сенатор шетелдің жетекші университеттеріндегі тәжірибені мысалғакелтіріп, еліміздегі ЖОО студенттерге іргелі ғылымдар бойынша тиісті деңгейде заманауи білім бере алмай отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, бізде алынған теориялық білімге іс жүзінде машықтану үшін, тәжірибелік базалар жоқтың қасы екенін атап өтті. Шетелдік алдыңғы қатарлы университеттердің тәжірибесін пайдалана отырып, еліміздегі білім беру ошақтарын ғылыми-зерттеу оқу орны ретінде айқындау ғылыми жобалардың нәтижелі болуына әрі тәжірибе жинақтауда тиімділікке ықпал етеді.
Сенатор жалпы университеттердегі басқару жүйесіне реформа қажет екенін атап өтті. Арнайы ғылыми кеңестің алқалы құрамын тағайындау жәнеоның функцияларын заңмен бекіту қажеттігі, ал ректорларды сол Ғылыми кеңесте сайлау туралыұсыныс айтылды.
Бүгінде Ресей, Германия секілді мемлекеттердің жоғарғы оқу орындарының басым бөлігі зерттеу бағытындағы университеттер ретінде жұмыс істейді. Сенатор дәл осы жүйені елімізде де енгізу жастардың ғылымға ықыласын арттырып, сапалы мамандарды даярлауға жол ашатынына сенімді.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2019 жылы мамандарды дайындау үшінмемлекеттік грантта оқыған университет түлектерінің тек 40-74% жұмысқа орналасқан. Түлектердің өз мамандығына сай жұмысқа орналасқаны туралы нақты ақпарат та жоқ. "Егер жағдай өзгермесе, біз жыл сайын бюджет қаржысының кем дегенде 10 млрд теңгесінтиімсіз жұмсап отырамыз. Бұл дәйектер еліміздің жоғары білім саласындағы елеулі кемшіліктердің бетін ашып отыр", деді сенатор. Депутаттық сауалда проблеманы шешу үшін жеке меншік университеттерді жабу жеткізіліксіз, жалпы еліміздің университеттік жүйені түбегейлі реттейтін уақыт келгені айтылды.