Қазақстан • 05 Қараша, 2020

Аңшы куәлігін енді онлайн алуға болады

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аңшы куәлігін енді онлайн алуға болады

Мемлекеттік қызметтерді қағазсыз көрсетуге көшу Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа биылғы Жолдауында қойған міндеттерінің бірі еді. Осы ретте, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің барлық мемлекеттік қызметтері автоматтандырылған, ал олардың 88%-ы енді тек электронды форматта көрсетіледі.

Осылайша, аталған қызметтерді алудың қағаз мүмкіндігі алынып тасталды. Қызметтерді тек электронды форматта көрсету бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдейді.

Осы нәтижеге қол жеткізу үшін Министрлік қызмет көрсетушілерді мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосу бойынша жұмыс жасады. Сондай-ақ, байланыс арналарына Марқакөл мемлекеттік қорығы сияқты шалғай мекеме қосылды.

Бұдан басқа, аккредиттелген қауымдастықтар байланыс арналарына қосылғаннан кейін, енді аңшы куәлігін беру бойынша сұранысқа ие қызметке өтінімдерді «электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн беруге болады.

Айта кетейік, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруы және қағазсыз қызмет көрсетудің 88%-на қол жеткізу ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің төрағалығымен өткен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен бірлесіп Министрліктің бұрынғы жауапты хатшысы Сәбит Нұрлыбайдың кешенді жұмысының нәтижесінде қол жеткізілді. Естеріңізге сала кетейік, ВАК қызметі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және халықтың оларды алуын жеңілдету үшін тиімді бизнес-процестерді әзірлеуге бағытталған.