Аймақтар • 05 Қараша, 2020

Ұрланған көлік өрттенген

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласының 41 жастағы бір тұрғыны таңертең өзінің Уәлиханов көшесіндегі үйінің маңында тұрған «ВАЗ-21070» автокөлігі қолды болғанын көріп, полицияға хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.

Ұрланған көлік өрттенген

Осы кезде Асаново ауылының сыртындағы жолдың шетінде өртенген көлік табылады. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды, ол 1999 жылы туған, қала тұрғыны болып шықты. Оның айтуына қарағанда 1996 жылы туған досымен бірге серуендемекші болып, көлікті масаң күйде айдап әкеткен. Ал өрт өздігінен шыққан. Болжам бойынша олар батып, көлікке шектен тыс салмақ түсірген.

Аталған факті ҚК 188-ші «Ұрлық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілерге қатысты келуге міндеттеу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайын тергеу анықтайды.

«Көлік құралдары көп жағдайда тасада тұрғанда, қараңғы жерлерден ұрланады, - деді Бірінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Тілеген Әлжанов. – Көліктерге дабылды орнатып, мүмкіндігінше күзетілетін автотұрақтарға немесе камералар орнатылған жерлерге қойған жөн. Көліктің ішінде ақша мен құнды заттарды қалдырмау керек, себебі қаскөйлердің көзіне түсуі мүмкін», дейді ол.

Солтүстік Қазақстан облысы