22 Қараша, 2013

Жемқорлықпен күрестің жаңа стратегиясы

335 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

01-Нур Отан логотип 1Кеше «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы болып, онда партияның «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған Доктринасындағы міндеттерге сәйкес аталған індетке қарсы кешенді шаралар белгілеу мәселелері талқыланды.

Кеше «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы болып, онда партияның «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған Доктринасындағы міндеттерге сәйкес аталған індетке қарсы кешенді шаралар белгілеу мәселелері талқыланды.

Отырысты «Нұр Отан» партия­сы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ашып, жүргізіп отырды. Ол өзінің сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы бағыттағы тапсырмаларын еске алып және партияның Доктринасында айтылған: «Сыбайлас жемқорлықпен күресу баршаның және әр адамның міндеті. Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекеттілігіміз бен демократиямызды жегідей жеу­де. Сондықтан біз сыбайлас жемқорлықтың жолын кесудің және қоғамда оның кез келген көрінісіне ымырасыздық ахуа­лын қалыптастырудың жүйелі жағдайын жасаймыз», деген сөздерін жиналғандарға айтып беріп, республикалық кеңес еліміздегі жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізетін базалық қоғамға айналып, осы істегі партияның тұтас қызметін үйлестіруі тиіс екендігін жеткізді. Мемлекет басшысы жемқор болғаны үшін лауазымына, атқарған қызметіне қарамастан, кез келген шенеуніктің жаза тартуы қажеттігін талап етіп отыр. Партия Доктринасында заң алдында барлық азаматтың тең екендігі атап көрсетілген. Консти­туция мен заңнамаларды бұлжыт­пай сақтау – әділетті қоғамның баршаға тең мүмкіндік жасауының негізі. Қоғамдық кеңестің бас­шылыққа алып жұмыс істейтіні осы бағдарлар, деді Б.Байбек.

Отырыста Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің құрылғанына бес жыл толғаны және осы жылдар аралығында оның төрағасы болып Оралбай Әбдікәрімовтің жемісті жұмыс атқарғаны аталып өтті. Партияның соңғы бюро отырысында партия Төрағасы да қоғамдық кеңес­тің жұмысына жоғары баға берді. Міне, осы табысқа жетуде Оралбай Әбдікәрімұлының жеке басының еңбегі зор. Сіздің тіке­лей басшылығыңызбен біз­дің партияның Парламенттегі фракциясы «Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күрес туралы» заң жобасын әзірледі. Ал қоғамдық кеңестің өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз жұмыс жүргізгені үшін халықтың ризашылығына бөленді, деді Б.Байбек.

Одан әрі бюроның соңғы отырысында Оралбай Әбдікәрімұлы төрағалық міндетті басқа адамға жүктеу туралы өтініш жаса­ғаны айтылды. Бұл өтініш қабыл­данып, партия Төрағасы Н.Назар­баев комиссия төрағасы қызме­тіне О.Әбдікәрімовтің ұсыны­сымен Мәжіліс депутаты Қайыр­бек Сүлейменовті бекітті, дей келіп, Б.Байбек: «Ал Оралбай Әбдікәрімовтің өзі кеңес төраға­сының бірінші орынбасары болып қала беретінін жеткізді», деді. Сонымен бірге, Б.Байбек жемісті жұмыстары үшін партияның атынан О.Әбдікәрімовке өз ризашы­лығын айтып, Алғыс хат пен есте­лік кәдесый тапсырды. Өзі тарапынан О.Әбдікәрімов еңбегін баға­лағаны үшін нұротандықтарға ри­зашылығын білдірді. Сонымен бірге, әріптестері арасынан А.Платонов, Қ.Айтаханов, А.Соловьева, О.Өксікбаев сөйлеп, О.Әбдікәрімовтің жұмысына жоғары баға берді.

Өзінің қорытынды сөзінде партия Төрағасының бірінші орынбасары «Кеңес жемқорлық мәселесімен күресудің жаңа жолдарын қарастыруы қажет. Жұмыс істеудің инновациялық үлгілерін кеңінен қолданып, негізгі күшті жемқорлықпен жүйелі күреске бағыттағаны жөн», деп атап көрсетті. Сонымен бірге, отырыста «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған басымдықтарды ескере отырып, «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлықпен күресудің ұзақ мерзімді жаңа стратегиясы мен бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Кеңес отырысына «Электрон­дық партия» жобасы аясында бей­не­конференция арқылы барлық облыстардағы партия төрағала­ры­ның бірінші орынбасарлары және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрестің өңірлік кеңесінің мү­ше­лері де қатысты.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар