Спорт • 06 Қараша, 2020

GGG – үздік ондықта

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та жарық көретін жүз жылдық тарихы бар The Ring журналы әлемнің ең үздік кәсіпқой боксшыларының рейтингін (P4P) қайта жаңаратты.

GGG – үздік ондықта

Беделді басылым бүгінгі таңдағы ең үздік боксшы ретінде Сауль Альваресті таныған екен. Әрине, оған таңдануға болмайды. Себебі 30 жастағы мексикалық саңлақ түрлі салмақ дәрежесінде күш сынасқанымен, үнемі жеңіске жетуде. Ол 56 мәрте жекпе-жекке шығып, 53 рет үстемдік танытты. 36 қарсыласын есінен тандырды. Тек бір рет қана ұтылып, екі кездесуде тең есеп тіркелді. Соңғы рет «Канело» өткен жылдың 2 қарашасында Лас-Вегаста ресейлік Сергей Ковалевті 11 раундта ұрып жыққан болатын.

Сондай-ақ «ТОП-10» боксшының тізі­мінде Наоя Иноуэ (Жапония) Теренс Кроу­форд (АҚШ), Александр Усик (Украина), Эррол Спенс (АҚШ), Теофимо Лопес (АҚШ), Василий Ломаченко (Украина), Хуан Франсиско Эстрада (Мек­сика), Джош Тэйлор (Ұлыбритания) және Геннадий Головкин (Қазақстан) сынды саңлақтар бар.