Қоғам • 06 Қараша, 2020

Азаматтарға арналған үкімет қызмет көрсету тәсілін өзгертуде

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы №1 ХҚКО келушілеріне "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиал директоры Ербол Байжігіт қызмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Азаматтарға арналған үкімет қызмет көрсету тәсілін өзгертуде

Дәстүрлі қызметтен бөлек, ол дүниеге енді келген егіздерінің құжатын алған ата-ананы, 16-ға толып, алғашқы жеке куәліктерін алған жасөспірмдерді салтанатты түрде құттықтады. Құжаттардан бөлек, филиал директоры естелік сыйлықтар да табыстады. 

Бүгінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметкерлердің корпоративті құндылықтарын қалыптастыру бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде. Мәселен, ХҚО қызметкерлері баласының туу туралы куәлігін, жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргізуші куәлігін алғаш алған, зейнетке шығып жатқан келушілерді өміріндегі ұмытылмас сәттерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіреді. 

"Қандай да бір өзгерісті қаласаң ең алдымен өзіңнен баста». Бұл үрдісті жақын арада корпорация төрайымы Әсемгүл Балташева өзі үлгі етті.

– Жақсылық жасап, көңілге жылу сыйлау үшін бай-қуатты болу шарт емес, көңіл бөлу маңызды, дейді Е.Байжігіт.

– Филиал директорының бізге алғашқы құжаттарын табыстағанына өте қуаныштымын. Оның үстіне кішкентай болса да сыйлық алып жатқаным көңілге риясыз жылу сыйлады, дейді егіз қыздардың анасы Қарлығаш Жетписбаева.

Аталған шара өңірдегі барлық ХҚКО-да бір уақытта орын алды.