Білім • 06 Қараша, 2020

Асхат Аймағамбетов: "Болашақ" бағдарламасы бұрынғыдан да ашық бола түсті

650 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Болашақ" халықаралық бағдарламасының түлектерімен кездесті. Кездесу ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығымен 1993 жылғы 5 қарашада тағайындалған стипендияның 27 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Асхат Аймағамбетов: "Болашақ" бағдарламасы бұрынғыдан да ашық бола түсті

"Биыл айтарлықтай өзгерістер күшіне енді. Біз стипендияны тағайындау үрдісін автоматтандыру мен ашықтықты арттыру үшін барлық нормативтік құқықтық құжатты пысықтадық. Мемлекет басшысы өткен жылы осындай міндет қойды. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл бағдарламаны одан әрі дамытуға және оны қолдауға ерекше көңіл бөледі", деп атап өтті ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, "Болашақ" бағдарламасының терең трансформациясы жүргізіліп, халықаралық стипендияға үміткерлерді іріктеудің жаңа ережелері бекітілді. Квоталық санаттар жойылып, бұл өз кезегінде конкурстық іріктеу барысында барлық үміткер үшін тең мүмкіндіктер береді.

Ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындары тізіміндегі оқу орнынан шақыртудың болуы – стипендия тағайындау бойынша конкурсқа қатысу үшін қойылатын негізгі талап. Ауылдық елді мекендерден қатысып жатқан үміткерлер үшін Қазақстан Республикасы аумағында 6 айға дейінгі мерзімді қамтитын тілдік курстар сақталады.

"Тек ауылдық жерлерден келген үміткерлердің санаты үшін тілдік курстарды сақтау есебінен біз жыл сайын 1,3 млрд теңгеден астам қаражат үнемдейміз. Сондай-ақ іріктеу кезеңдерінің санын 6-дан 3-ке дейін азайтып, жалпы құжаттарды қабылдау процесін цифрландырдық. Үміткерлерді іріктеу үрдісінің барлық кезеңі видео құралдарының көмегімен тіркеледі. Біз толық ашықтықты қамтамасыз еттік және жаңа сын-тегеуріндерге икемді әрекет ететін боламыз", деді Асхат Аймағамбетов.

"Болашақ" бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері 13 978 стипендия тағайындалған, оның ішінде 1994 жылдан 2004 жылға дейін – 785 стипендия, 2005 жылдан 2020 жылға дейін – 13193 стипендия. 13193 стипендияның 3379-ы бакалавриат бойынша, 7231 – магистратура, 35 – аспирантура, 87 – клиникалық ординатура, 347 – докторантура, 2114 – тағылымдама бағдарламасы бойынша тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025