16 Сәуір, 2010

БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУ МАҚСАТЫНДА

815 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстандағы ахуалды АҚШ-тың және Ресейдің басшылары Барак Обамамен және Дмитрий Медведевпен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдерімен талқылады. Кездесулерде бұл елде қалыптасып отырған жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріліп, қақтығысты бейбіт шешу қажеттігі атап көрсетілді.Қазақстан көшбасшысының Қырғызстандағы ахуалды қалыпқа келтірудегі халықаралық қоғамдастықтың үйлестірушілік рөлін күшейту туралы ұсынысы қолдау тауып, көрші елдегі жағдайды реттеудегі Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше рөлі атап өтілді. Қазақстан Президенті сондай-ақ Қырғызстандағы тайталасушы тараптардың өкілдерімен телефон арқылы сөйлесіп, оларды қақтығысты қырғыз халқының мүддесі тұрғысынан келіссөздер мен саяси үнқатысу жолымен шешуге шақырды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.