“Жұмыс аптасы соңында азаматтарды қабылдадым. Кем дегенде бір адамның мәселесі шешілсе, ол тек сол адамның жағдайын жақсартып ғана қоймай, сонымен бірге оның отбасы мен жақындарының да жағдайын жақсартады.
Қала тұрғындары көтерген негізгі мәселелер қатарына тұрғын үй, медициналық көмек, білім алу, жұмысқа орналасу және т.б. жатады. Баспана кезекке сәйкес беріледі. Сонымен бірге бірқатар тұрғын үй бағдарламалары да бар. Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесе әлеуметтік пәтерлерді алушылар тізімін бірнеше есе кеңейттік: білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінен басқа әлеуметтік қызметкерлер, ТЖД, полиция департаментінің қызметкерлері, мәдениет және спорт қайраткерлері де енгізілді.
Сондай-ақ тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санатын кеңейттік. Егер бұрын тізімде тек толық емес отбасылар, көп балалы отбасылар және ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар болса, қазір тізімге халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының барлық санаттары енгізілді. Оның ішінде жетім балалар да бар.
Тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін біз қала тұрғындарына білім алуға және біліктілігін арттыруға, жұмысқа орналасуға көмектесеміз. Биыл тек жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы бойынша 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Жартысын жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырдық.
Азаматтарды қабылдауда айтылған мәселелерді бақылауға аламыз. Азаматтарды онлайн қабылдауды апта сайын өткіземіз”,- деп жазды Алтай Көлгінов.