Елбасы • 07 Қараша, 2020

Елбасы «Экспресс К» газетінің ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев «Экспресс К» қоғамдық-саяси республикалық газетінің ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Елбасы «Экспресс К» газетінің ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

«Экспресс К» қоғамдық-саяси республикалық газетінің ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Басылым беттері еліміздің мол тарихының айнасына айналып келеді. Бұл жылнаманың маңызды бөлігі тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына арналған.

Газет қазақстандық қоғам дамуының өзекті мәселелерін көтерумен қатар елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер жайлы үнемі үн қатып отырады. Сонымен бірге материалдардың жеңіл қалыпта және ұғыныңқы етіп берілуі терең талдаумен шебер үйлеседі. Бұл басылым қызметкерлерінiң кәсіби деңгейінің жоғары екенінiң көрінісі. Басылымда талай талантты авторлар жемісті қызмет атқарды. Бүгінде шығармашылық дәстүрлерін шыңдай отырып, «Экспресс К» Қазақстанның жетекші басылымдарының қатарына нық сеніммен еніп отыр», делінген Елбасының Instagram-дағы парақшасында.