Аймақтар • 07 Қараша, 2020

Дуадан құтқарамын деп 150 мың теңгесін қағып кеткен

810 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласында тұратын бір бойжеткен интернет алаяқтың құрбаны болды. «Басыңды дуадан арашалаймын, жолыңды ашамын» деген Фатима есімді балгерге ол бір ай бойы ақша аударып тұрған. Аударған ақшасының құны 150 мыңға жетіп, бойында ешқандай өзгеріс болмаған қыз полицияға қайырылуға мәжбүр болады. Бұл уақытта Фатима да ізін суытып, телефонға жауап бермейтін болған екен.

Дуадан құтқарамын деп 150 мың теңгесін қағып кеткен

Қыз балгерді Инстаграммға жариялаған хабарландырудан тапқан екен. Ол қызға "Рәсімдерді бастаған соң толық орындап шығу қажет. Барлық дұғаларды аяқтау керек деп ол мені бір рәсімнен келесі рәсімді орындауға  көндіріп, ақша талап етіп отырды. Менің ақшам майшам мен түрлі шөптерді сатып алуға қажет деп түсіндірді",- деді алданған қыз. Нәтижесінде қыз «балгердің» банк картасы мен телефон нөміріне 150 мың теңге аударған. Әйелдің нөмірі байланыс аясынан тыс болған кезде ғана ол өзінің алаяқтың құрығына түскенін түсінеді.

ПЕТРОПАВЛ