Әлем • 07 Қараша, 2020

III Қытай халықаралық импорт көрмесінде Қазақстанның бизнес-павильоны ашылды

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

III Қытай халықаралық импорт көрмесiнде қазақстандық бизнес-павильонның ашылу рәсімі өтті. Оған Қытайда аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың өкілдері және елімізбен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі бірқатар қытайлық компаниялардың басшылары қатысты.

III Қытай халықаралық импорт көрмесінде Қазақстанның бизнес-павильоны ашылды

Іс-шара барысында Казақстан Елшісі Ғабит Қойшыбаев және «PwC China» компаниясының Басқарма мүшесі-өңірлік басшы Эми Цай алғы сөз сөйледі. Сонымен қатар, жиналғандардың назарына ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың бейне үндеуі ұсынылды.

Биыл еліміздің бизнес-павильонында тамақ өнеркәсібі саласында қызмет істейтін 35 қазақстандық компаниялардың өнімдері (кондитерлік өнімдер, мұздатылған сиыр еті, ас тұзы, бидай ұны, макарон өнімдері, өсімдік майлары, ет өнімдері, бал, сусындар, шараптар және т.б.), оның ішінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі іске қосқан «Экспорттық акселерация бағдарламасының» 27 қатысушысы, таныстырылды.