Спорт • 08 Қараша, 2020

Спорттық және көркем гимнастикадан әлем чемпионаты Жапонияда өтеді

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттық және көркем гимнастикадан 2021 жылғы әлем чемпионаты Жапонияның Китакюсю қаласында өтеді. Бұл туралы Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Olympic.kz.

Спорттық және көркем гимнастикадан әлем чемпионаты Жапонияда өтеді

Алғашында әлемдік доданы Дания астанасы Копенгаген қаласы қабылдайтын болған. Алайда, ғаламдық коронавирус індетіне байланысты даниялықтар жарысты өткізуден бас тартты.  Осылайша, 2021 жылғы әлемдік дода қазан айында Жапонияда өтетін болып шешілді. 

Китакюсю қаласында алдымен спорттық гимнастикадан, кейін көркем гимнастикадан әлемд біріншілігі өтпекші.  Спорттық және көркем гимнастикадан әлем чемпионаты Олимпиада өтпейтін жылдары ұйымдастырылады. Алайда, 2020 жылғы Олимпиада ойындарына кейінге шегерілгендіктен, 2021 жылғы әлем біріншілігін өткізу туралы шешім қабылданды.