Аймақтар • 08 Қараша, 2020

Жасөспірімдерді каникул уақытында бақылау күшейеді

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда күзгі каникул басталғаннан бері полицейлер сағат 23.00-ден кейін үйден тыс жүрген 7 жасөспірімді анықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Жасөспірімдерді каникул уақытында бақылау күшейеді

Ата-аналар балаларының түнгі мезгілде үйден шықпауын қадағаламаған. Қаланың бір тұрғыны кәмелетке толмаған қызының жоғалғаны туралы хабарлаған. Оны патрульдік полиция қызметкерлері болуы мүмкін пәтерден іздеп тапқан. Қыз беймезгіл уақытта достарымен отырған екен.

Қалалық білім басқармасының және әлеуметтік-психологиялық қызметтердің мамандары барлық қалалық мектеп оқушыларының ата-аналарымен онлайн-режимде жұмыс жүргізді. Қашықтықтан өткізілген ата-аналар жиналысына Петропавл қаласы Полиция басқармасы ЖПҚ бөлімінің ювеналдық полиция қызметкерлері де белсене қатысты. Басты тақырып- жасөспірімдертарапынан қылмыс пен құқық бұзушылықтардыңалдын алу.

Тәртіп сақшылары ағымдағы жылыПетропавлда жасөспірімдер 14 қылмыс жасағанын айтты. Ал оларға қатысты 29 қылмыс жасалған. Қазір жасөспірімдер арасындағы нашақорлыққа баса назар аударылады және балалардың тұрмыста және ата-аналар балаларының әлеуметтік желілерде кіммен сөйлесетінін бақылауына кеңес берді. Сондай-ақ бала тұйықталып, немесеашуланшақ, агрессивті, тым әсерленгіш болыпкетсе, бұл бір проблеманың туындағанын көрсетедіекен.

ЖПҚБ ювеналдық полиция бөлімшесініңбастығы полиция майоры Эльмира Абушеваның айтуына қарағанда қазір кәмелетке толмағандардыңәкімшілік және қылмыстық жауапкершіліккетартылуы, балалар құқығын қорғайтын заңжобаларының мәселелері өзекті тақырыптарқатарында.

Солтүстік Қазақстан облысы