Аймақтар • 09 Қараша, 2020

Ақпарат айнасына айналған «Aqtóbe»

147 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінгі күні өңір тұрғын­дарының 98 пайызы «Aqtóbe» телеарнасы­нан та­­­ралатын республика, қа­ла және облыс көле­мін­­дегі жаңалықтар мен түр­лі тақырыптардағы теле­­­бағдарламаларды та­­ма­­шалап жүр. Жарты ғасыр­­дан астам уақыт бойы өңір­дің ақпараттық айна­­сына айналған 60 жылдық мерей­тойын атап өтті.

Ақпарат айнасына айналған «Aqtóbe»

Телеарна ұжымын телевизия саласында қызмет еткен ардагерлер, ақпарат құралдарының өкілдері, өңір басшысы, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Р.Отыншин, Жамбыл және Маңғыстау облыстық телеарналарының басшылары – Б.Жүсіп, М.Әлібекұлы құттықтап келді. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин алпыс жылдық асуды еңсерген телеарна ұжымын құттықтап, алғыс хаттар мен сертификаттар тапсырды:

«Осыдан 60 жыл бұрын «Aqtóbe» телеарнасының негізі қаланып, алғашқы аймақтық хабарлар эфирге шыға бастады. Осы жылдар ішінде қалың жұртшылықтың құрметіне бөленген «Aqtóbe» телеарнасы облысымыздың рухани-мәдени, әлеуметтік, саяси-қоғамдық құндылықтарының дамуына, ұлттық сана-сезімнің қалыптасуына қосқан үлесі өлшеусіз. Заман талабына сай оң мен солыңды, ақ пен қараны ажырататын ұлтжанды хабарлардың көрсетілуі ұрпақ санасына ой салары анық. 60 жыл ішінде әр қазақтың төрінен орын алған көгілдір экраннан сан түрлі құнды дүниелер жарық көріп, қалың көрерменге жол тартып келеді. Осы жылдар ішінде «Aqtóbe» телеарнасы зиялы қауымның рухани, мәдени ошағына айналды. Қара шаңырақта әр жылдары еңбек еткен аға буын өкілдері көптеген жас мамандарды тәрбиелеп, болашаққа бағыт-бағдар беріп, жол сілтеді. Өткір ой, батыл пікір, тың бастамалар көтеріп, аймақтың түрлі жаңалықтары мен әлеуметтің мұң-мұқтажын айқын көрсететін телевизия мектебінің қалыптасуына атсалысты», – деді облыс басшысы.

Бүгінгі күні хабарлары облыстың 112 елді мекеніне тарайтын «Aqtóbe» телеарнасының қазіргі заманға лайық соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған 5 студиясы бар.

Сондай-ақ соңғы жылдары телеарнаның шығармашылық ұжымның рухани-мәдени, әлеуметтік, саяси-қоғамдық мәселелерді кө­тер­ген өзекті бағдарламалары, сұхбаттары, ав­торлық хабарлары мен деректі фильмдері өңір тұрғындарының жүрегінен жол тауып жүр.

 

АҚТӨБЕ

 

Соңғы жаңалықтар