Әлеуметтік желілер мен видео хостингтерде «18 жастан асқан әрбір азамат төлемді алуға құқылы» деген бейнефильм таралып жатыр.
Атап айтқанда, онда бірнеше жыл ішінде төленген ҚҚС сомаларын қалай қалпына келтіру туралы айтылады. Алаяқтар азаматтарды ақшаны қайтару үшін жалған веб-сайтқа бағыттайды. Яғни кез келген адам төленбеген қаражатты қайтару бойынша бірыңғай өтемақы орталығы веб-сайтына кіруі керек. Жалған нұсқаулықты түсіндіру кезінде автор көрерменнен өзінің деректерін, оның ішінде банк картасының нөмірін, шоттағы қаражаты иеленуге мүмкіндік беретін CVV/CVC кодын көрсетуін сұрайды.
Бейне жазбада немесе жалған сайтта оң пікірлер болуы мүмкін. Алайда бұл жазбалар да шындыққа жанаспайтынын ескертеді мамандар.
Осы жылдың басында Қазақстанда алаяқтар құрып, YouTube-те тараған фишингтік интернет-ресурс анықталған еді.
Осыдан кейін KZ-CERT сервисінің талдауы нәтижесінде «Интернет сегментіндегі фишинг/алаяқтық» деп жіктелген ақпараттық қауіпсіздік оқиғасы анықталып, мұнда пайдаланушылардың жеке деректері мен банктік карталары туралы мәліметтер жиналды.
Видео авторы жаңа заң жобасына сәйкес, ҚҚС қайтару үрдісі барлық сатып алулар бойынша таралатынын хабарлады. Бұл мақсатта «Төленбеген қаражатты қайтару үшін» бірыңғай өтемақы орталығы құрылды», делінген алаяқтар таратқан хабарламада.
Бұл орайда Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарды сақ болуға және күмәнді ақпаратқа сенбеуге шақырады.