Бүгін Қарағанды қаласының Октябрь ауданында 30 жастағы BМW автокөлігінің жүргізушісі "Сетра" маркалы қоғамдық көлікпен соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша жеңіл көлік иесі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол көлік оқиғасынан BМW автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болған. Оқиға кезінде қоғамдық көлікте болған жолаушылардың ешқайсысы жарақат алған жоқ. Аталған факті полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.