Қоғам • 09 Қараша, 2020

Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар 2 балықшыны құтқарды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балықшылар көбінесе синоптиктердің болжамдарын ескермейді, дауылды күні жүзу құралдарымен балық аулауға шығады, тексерілмеген, ақауы бар жүзу құралдарын қолданады, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар 2 балықшыны құтқарды

7 қарашада  сағат 16.15-те Теректі ауданы Сарыөмір ауылында құтқарушылар қатты желдің және қайық моторының сынып қалуы салдарынан Шалқар көлінің ортасына кетіп қалған 2 балықшыны жағаға алып шықты, олар балық аулауға шыққан болатын.

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті халықтың облыстағы су айдындарда қаза болуына жол бермеу мақсатында азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.