Оның біреуі Қызылжар ауданына шығатын жолда орналасқан. "Халықтың амандығын қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметкерлері, қалаға медициналық көрсеткіштер бойынша келетіндер, тиісті растау құжаттары бар жұмысқа келушілердің жүріс-тұрысы шектелмейді. Қалаға кіргісі келетін басқа азаматтарда ПЦР-тест болуы тиіс", деді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Айдын Байматов.
Жалпы, өңір бойынша 12 карантиндік бекет бар. Бекетте кезекшілік атқаратын полиция қызметкерлері рұқсатты планшеттер арқылы тексереді, ал белгілі бір себептермен базаға уақтылы тіркелуге үлгермеген азаматтарда жұмыс орнынан анықтамасы болуы тиіс.