Аймақтар • 09 Қараша, 2020

СҚО-да жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО "Волошинка-Сергеев-Тимирязев" жолындағы Дмитриевка селосындағы аялдамада тұрып, өтіп жатқан көліктерге қол көтеріп тұрған 41 жастағы адамды "Газель" көлігі соғып, мерт қылды, деп хабарлайды Egemen.kz

СҚО-да жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды

Жүргізушінің айтуына қарағанда ол төпеп тұрған жауынның кесірінен жолдың жиегінде тұрған адамды көрмей қалған. ЖКО жасағаннан кейін ол бірден тоқтап, сол жерге жедел жәрдем шақыртқан және 102 нөмірі арқылы полицияға дабыл түсірген. Алайда оның әрекеті әлі де толық тексеріледі. Тимирязев аудандық полиция бөлімінің бастығы, подполковник Талғат Кенжетаевтың айтуына қарағанда жүргізушінің үстінен Қылмыстық кодекстің 345 бабымен іс қозғалып, шақыру бойынша бірден келу туралы міндеттеме жүктелген. Қазір апаттың барлық әрекетін анықтайтын сарап белгіленген.  

Үстіміздегі жылдың 10 айында облыста жүргіншілерді соғып кеткен 47 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның нәтижесінде 10 адам өліп, 42 адам түрлі жарақат алған.

Солтүстік Қазақстан облысы