Туризм • 10 Қараша, 2020

Қазақстанның туристік кейсіне қызығушылық танытты

293 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда америкалық әйгілі The New York Times басылымында Kazakh Tourism туризмді дамыту жөніндегі ұлттық компания­сы өткізетін жарнамалық кампанияға қатысты «Kazakhstan, Reversing Itself, Embraces ‘Borat’ as Very nice» (авторы Джоэл Стейн) атты материал жарияланған болатын.

Қазақстанның туристік кейсіне қызығушылық танытты

Мәдениет және спорт минис­трлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, The New York Times-та жарияланған материал әлемдегі ең танымал әрі оқырманы көп ондаған онлайн-басылымдарға таралды. Олардың ішінде: Huffington Post, The Guardian, Insider.com, Forbes.com, Yahoo.com, CNN, BBC, Daily Mail және басқа тілдердегі көптеген басы­лымдар бар. «Kazakhstan. Very Nice» бейнеролигі YouTube платформасында қазірдің өзін­де 900 мыңға жуық қа­ралды. Желі қолданушылары, сондай-ақ коммуникация және туризм са­ласындағы кәсіби маман­дар науқанның өзектілігі мен бі­регейлігін атап өтті. Әлем­нің беделді жоғары оқу орын­дарының бірі – New York University жарнама науқанын жасау­шылардан «Туризмді бас­қару» бағдарламасы бойынша оқып жатқан магистранттарға дәріс өткізіп беруді сұраған болатын.

Осы ретте Kazakh Tourism ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Садуақасов «Тур­дестинациялардың марке­тингі» пәні бойынша «Фильм – туризмнің дестинациялар­ды ілгерілетудегі рөлі» атты тақырыпта дәріс оқыды. «Бұл қа­зақстандық туризм тарихындағы ең жылдам ұйымдастырылған және ең жеңісті науқан. Си­туа­­циялық маркетинг сәтті жү­зеге асырылуы, әсіресе туризмде, бірқатар факторларға байланыс­ты. Бұл жылдам шешім қабылдау, жете ойластырылған тұжырымдама және жарнама мәнмәтінінде қойылатын месседж», деді Қ.Садуақасов.

Сөз соңында спикер науқан­ның басты мақсаты АҚШ пен Еуропадан келетін саяхатшылар арасында Қазақстанды танымал ету екенін атап көрсетті.