Мадрид көшелерінде өткен соңғы жарыс күні жаппай спринтпен аяқталды. Мәре сызығын өзгелерден бірінші болып Bora-Hansgrohe командасының велошабандозы кесті. Екінші және үшінші орындарды ирландиялық Сэм Беннетт (Deceuninck-Quick-Step) пен германиялық Макс Кантер (Team Sunweb) иеленді. «Астананың» велошабандоздары арасында ең тәуір көрсеткішке Александр Власов қол жеткізді. Ол 29-сатыға табан тіреді.
Жалпы есептегі жағдай бойынша словениялық Примож Роглич (Jumbo-Visma) екі жыл қатарынан «Испания Вуэльтасының» жеңімпазы атанды. Эквадорлық Ричард Карапас (INEOS Grenadiers) екінші, ұлыбританиялық Хью Карти (EF Pro Cycling) үшінші сатыға жайғасты. Ал қазақстандық команданың өкілі Александр Власов өзінің алғашқы Гранд-турын 11-орынмен түйіндеді.