Кәсіпқой бокс • 10 Қараша, 2020

Чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Тұр­сынбай Құлахмет 11 қарашада Ан­глияның Йоркшир қаласында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетіп, жергілікті боксшы Мак­лей Макгоуэнмен жұдырық­тасады.

Чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

Әуесқой бокста Азия чемпионы және әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой бокстағы екінші айқасында 15 кездесудің 14-інде жеңіске жетіп, біреуінде ғана тең түскен тәжірибелі боксшы Макгоуэнмен кездеседі. Екі боксшы бірінші орта салмақтағы WBC International белбеуін сарапқа салады.

Айта кетейік, 26 жастағы жерлесіміз жуырда ғана кәсіпқой боксқа ауысып, алғашқы айқасында техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.