Оқиға • 10 Қараша, 2020

Еркебұлан Мүсіреп 75 жасқа қараған шағында өмірден озды

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, профессор, Қостанай облысы Қарабалық ауданының құрметті азаматы Еркебұлан Мүсіреп 75 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz

Еркебұлан Мүсіреп 75 жасқа қараған шағында өмірден озды

Еркебұлан Саламатұлы 20 жылдан астам уақыт бойы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрін басқарған. Ол оркестрмен бірге әлемдік турне жасап, Ахмет Жұбанов құрған оркестрдің бұрынғы атақ-даңқын өз биігіне көтерді. Біртуар азамат Құрманғазы оркестрі туралы кітаптардың авторы, әрі Алматыдағы П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищенің баян және оркестр дирижері мамандығы бойынша түлегі.

Ленинград жоғары мәдениет мектебін және Мәскеу мәдениет институтын бітірген. КСРО-дағы ең үздік бес баяншының бірі. Ол "Гүлдер" республикалық ансамблінің директоры болған және "Қазақконцерт" директорының орынбасары болған. Еркебұлан Мүсіреп еліміздің мәдениет мұрасына және дамуына елеулі үлес қосты.