16 Сәуір, 2010

БІЗДЕ ДӘРІГЕР БІР ҚЫЗ БАР...

842 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Талдықорған қалалық ауруханасы – диагнос­тикалық орталығына облыстық денсаул­ық сақтау басқармасының бастығы Маралбек Мейірбековтің аталған емдеу орталығындағы ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, жоғарғы санаттағы терапевт-дәрігер Бақыт Молдаханова жайлы лебізінен соң бұрылған едік. Алматы медицина институтының емдеу ісі фа­культетін бітір­ген соң өзі туып-өскен Үшарал қала­сындағы ау­дандық ауру­ханада тера­певт-дәрігер болып еңбек жолын баста­ған жас қыз ма­ман­дығына де­ген ынта-ықы­ласы, кі­ші­пейіл мінезі арқылы беделі өсіп, бас­­шы қы­з­мет­терге са­ты­лап көтеріліпті. – Қиындығы мен қызығы бірге жүретін мамандықты таңдауыма жасымнан аурушаң болып, дәрігерлердің көме­гіне жүгінуім себеп болды деп ойлаймын, деп бастады сөзін. – Табалдырық аттаған науқастарға жылы сөзі, шипалы емін ұсынғандарға көңілім ауды. Жүрек түкпірінде “дәрігер бол­сам” деген ой ұш­қындады. Әкем Хамет: “Балам таң­дауың дұрыс. Бірақ, адамның көңілі, жаны нәзік. Оның үстіне аурухана есігін ешкім еріккеннен ашпайды. Бір үміт, бір күдікпен келгендердің сенімін ақтай алсаң болғаны” дегені де жанам деген жүрекке от бергенін әлі күнге ұмыт­пайды. Қаладағы емдеу мекемесі 2002 жылы ашылып, мұнда 120 төсектік науқастарға арналған хирургиялық, терапия­лық бөлімде 38 жоғары білімді маман еңбек етуде. Білікті дәрігерлердің шипалы емін қабылдағандар қатары жылына 4800 адамға дейін жетеді. Еңбегінің өтеуіндей Бақыт Хаметқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары санаттағы дәрігер ретіндегі көпшіліктен алған алғыстары оның қалтқысыз еңбегіне берілген баға. Ол терапевт маманды­ғына қоса Қырымдағы Неврология инсти­тутында арнайы дайындықтан өтіп, қосымша жүйке ауруларын емдейтін маман куәлігін алыпты. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, адам өміріне қажетті 30 мыңнан астам мамандық бар. Осылардың арасындағы адам өміріне ең қажеттісі, жанына жақыны дәрігер мамандығы десек жаңылмаймыз. Осы жолды таңдаған Бақыттың атына айтылған алғыстар оның өткен өмір белесін биіктете түседі. “Бізде дәрігер бір қыз бар...” деген ән бұрындары той-думанның сәнін келтіріп, оның сазымен талай шаңырақ көтерілген еді. Әдемі ән әлі де ақ желеңді қыз-келіншектерге деген жұрттың ыстық ықыласын өруде. Ән әуезіне бүгінгі тірлігі лайық Бақыт жолдасы Бауыржан екеуі ұл-қыз өсіріп, солардың қуанышына бөленген үлгілі отбасы. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.