Аймақтар • 10 Қараша, 2020

27 миллион теңге қарызы бар “Toyota” автокөлігінің жүргізушісі ұсталды

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 миллион теңге қарызы бар “Toyota” жүргізушісі “Борышкер” іс-шарасы кезінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 миллион теңге қарызы бар “Toyota” автокөлігінің жүргізушісі ұсталды

Жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпас қағидасын қамтамасыз ету, жолдардағы көліктік тәртіпті арттыру және салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу тиімділігін арттыру мақсатында Алматы қаласында сот орындаушылары мен МКД қызметкерлерімен бірге қалада “Борышкер” жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізілді.

– Іс-шара кезінде қатардағы бөлімшелерінің жеке құрамына көлік құралдарын тоқтатудың негіздері мен тәртібін, салынған айыппұлдар туралы хабарлама кезінде азаматтармен қарым-қатынасты, сондай-ақ мамандандырылған айыппұл тұрағына көлік құралдарын орналастыру тәртібін анықтайтын ҚР ІІМ бұйрықтар мен нұсқаулықтардың талаптарын бұлтартпау және қатаң сақтау қағидаттары туралы хабардар етілді. ЖАІ-ның үш күн ішінде жүргізушілердің жалпы құны 1 миллиард 223 миллион 170 мың 004 теңгені құрайтын 21 көлік анықталды. 21 автокөлік мамандандырылған автотұраққа орнатылған. Көлік құралдарының жүргізушілеріне 2 миллион 072 мың 686 теңге қарызы туралы хабарламалар берілді, – деді, Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Мысалы, рейд кезінде “Lada Granta” автокөлігі тоқтатылды, оның иесі 1989 жылы туған Ф. есімді азамат тұрақты жол ережесін бұзушы болып табылады және жалпы сомасы бір миллион теңгені құрайтын төленбеген айыппұлдары бар. Тағы бір автокөлік жүргізушісі, әкімшілік полицияның мәліметінше, бір апта ішінде жол қозғалысы ережелерін сегіз рет бұзған. Бұл жолы айыппұлдың мөлшері 119 мың теңгеден асты.