Технология • 11 Қараша, 2020

Ауылдағылар да цифрлануға көше бастады

326 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан облысында талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысын аяқтады. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын АЕМ ТОБЖ (Талшықты оптикалық байланыс желілері) жобасы құрылысының арқасында облыстың 94 шалғай ауылында 308 мемлекеттік мекеме мен бюджеттік ұйым кеңжолақты интернетке қосылды. Жобаны іске асыру барысында жыл басынан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы ұзындығы 1795 километр құбыр және 1913 километр талшықты-оптикалық кәбіл тартылды.

Ауылдағылар да цифрлануға көше бастады

 

Бұл туралы «Шығыс – адал­дық алаңы» жобалық кең­се­сінің ұйымдастыруымен өткен ANTIKOR LIVE жобасы ая­сын­да «Қазақтелеком» АҚ филиа­лы-Шығыс өңірлік теле­ком­муникация дирек­ция­сы­­ның Бас директоры Ермек Қуанышбеков мәлімдеді.

Бүгінгі күні жоба бойынша Ұлан ауданындағы Асубұлақ, Тарғын ауылдарында және Ка­тон­қарағай ауданындағы Со­ло­­новка, Новополяковка ауыл­­дарында мемлекеттік меке­ме­лерді қосу жүргізілді. Енді 10 мыңнан астам аудан тұрғыны жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізіп, заманауи теле­коммуникация қызметтерін еркін пайдалана алады. Бұл аудан­дардың халқын жоғары жыл­дам­дықты интернетке қосу үшін мамандар күрделі географиялық ортаға байланысты техникалық шешімді бірнеше рет өзгертуге мәжбүр болды. Өйткені екі аудан да таулы рельефке бай және Швейцария табиғатымен салыс­тырылатын табиғатпен кеңі­нен танымал. Бұл аудандарда тал­шықты оптикалық желіні тарту жобасы жергілікті шаруа қожа­лықтарына тиесілі бидай дақылдары мен қымбат тұқым сорттарын егетін алқаптармен арқылы өтетіні және жердің тас­ты топырақ болғанымен қиын­дады. Шығыс ӨТД қыз­мет­кер­ле­рі шаруалардың қызметіне зиян тигізбес үшін желілер трас­сасының бағытын өзгертіп, қо­жа­­лық алқаптарын айналып өтетіндей етіп жасады.

«Қазақтелеком» АҚ филиалы-Шығыс өңірлік телекоммуникация дирекциясының Бас директоры Ермек Қуанышбековтің айтуынша, бұрындары Тарғын, Солоновка және Новополяковка сияқты интернеті жоқ ауылдарда ТОБЖ құрылысы тұрғындарға ком­пания қызметтеріне қосы­лу­ға мүмкіндік береді. Мысалы, жоғары жылдамдықты интернет, телефон және iD TV сандық теледидар қызметтері.

«Бағдарлама аясында са­лын­ған ТОБЖ инфра­құры­лымының арқасында АЕМ-де ұялы байланыс операторлары тұрғындарға телекоммуникациялық қыз­мет­тер­дің барлық спектрін ұсынуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ бұл құрылыс тағы бір жоба – «250+» үшін негіз болды. Осы жоба шеңберінде ұтқыр байланыс операторлары мемлекеттік меке­мелерді «оптикаға» қосу нүк­телерінің базасында өздері­нің базалық стансаларын өріс­те­туде. Осылайша, халқы 250 адам­нан асатын ауылдық елді ме­­кен­дердің аумағын 3G/4G LTE радиосигналдық желімен қамтып отыр. Желіні бірлесіп салу және жиіліктерді пайдалану операторлардың шығындарын азайтып қана қоймай, ауылдарды цифрландыру процесін жеделдетеді. Бұрын жерүсті ар­налары арқылы өтетін тұ­рақ­ты сигнал көзі болмаса, ұялы байланыс операторлары өз қызметтерін және сапалы байланысты тех­ни­калық түрде ұсына алмады. «Оптиканың» болуы оларға ТОБЖ жобасына қатысушы ауылдардың тұрғындарын ғана емес, олар­ға жақын орналасқан елді ме­кен­дер­ді де жоғары жыл­дам­дықты интернетпен қам­та­ма­сыз етуге мүмкіндік береді», деді филиал басшысы.

ТОБЖ және «250+» құрылыс бағдарламаларын іске асыру ауылдағы байланысты толық жаңғыртуды қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктер мен жағ­дайлар туғызады. Бұл өз кезе­гінде шалғайдағы елді мекен­д­ердің тұрғындарына кеңжолақ­ты мобильді интернетке қол жеткізуге, ал онымен бірге қала мен ауыл арасындағы «цифрлық теңсіздік» шекарасын бұза отырып, телемедицина, онлайн-білім беру және т.б. сияқты көрсе­ті­ле­тін цифр­лы мемлекеттік қызметтерді пайдалануға мүм­кіндік береді.

 

Шығыс Қазақстан облысы