Спорт • 11 Қараша, 2020

Бірінші айналым мәресіне жетті

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Щучинск қала­сын­дағы «Жақсы» спорт кешенінде футзалдан ел чемпионатының алғашқы айналымдағы ойындары аяқталды.

Бірінші айналым мәресіне жетті

Бірінші айналымдағы 8 ойынның алтауында жеңіске жетіп, екеуінде тең түскен «Атырау» футзал клубы 20 ұпаймен көш бас­тады. Ал былтырғы ел чемпионатында бас жүлдені олжалаған Алматының «Қайраты» 19 ұпаймен екінші орында тұр. Үздік үштікті 17 ұпайы бар «Ақтөбе» ұжымы түйіндеді.

Ел чемпионатының екінші айналымын­дағы 8 ойыны Қостанай облысының Рудный қаласында ұйымдастырылады. Ойындар 18 қараша және 1 желтоқсан ара­лығына жоспарланған. Үшінші және төртінші айналымның күнтізбесі кейін анық­талады. Сондай-ақ плей-офф кезеңінің де ойындары қосымша хабарланады. Айта кетейік, биылғы футзалдан Қазақстан чем­пио­­натында тоғыз команда бақ сынап жатыр.