Қазақстан • 11 Қараша, 2020

Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

11 қарашада Ақмола облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге, күндіз 23 метрге жетеді.

11 қарашада Ақтөбе облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

11 қарашада Шығыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге, күндіз 23 метрге жетеді.

11-13 қарашада Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге жетеді.

11 қарашада Батыс Қазақстан облысында қар, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

11 қарашада Қарағанды облысында жаңбыр, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20, 25 метрге жетеді.

11 қарашада Қостанай облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде секнудына 15-20 метрге жетеді.

11 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

11 қарашада Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.

11-12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбіне қар), тұман, көктайғақ, төменгі бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні секнудына 15-20 метрге жетеді.