Елорда • 11 Қараша, 2020

Елордада темір жол ауруханасын жетілдіру мәселесі талқыланды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеке инвестицияларды тарту есебінен орталық темір жол ауруханасын одан әрі жетілдіру мәселесі күн тәртібене алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz 

Елордада темір жол ауруханасын жетілдіру мәселесі талқыланды

"Орталық темір жол ауруханасын жетілдіру мәселесі бойынша инвесторлармен кездесу өтті. "Ruzgar Tedavi Hizmetleri Company" компаниясының өкілдері мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында аурухананың жаңа корпустарын салуға да мүдделі. Инвесторлар осы медициналық мекемеге барып, стационардың қабылдау, диагностикалық және жалпы хирургия бөлімдерінің және т.б. жұмысымен танысты. Бұл компанияның денсаулық сақтау нысандарын салуда айтарлықтай тәжірибесі бар.

Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы орталық темір жол ауруханасының апатты жағдайын айта кетті. Ғимаратты күрделі жөндеу 60 жыл бойы жүргізілген жоқ. Аурухана жұмысын қолдау үшін екі корпуста ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жеке инвестицияларды тарту есебінен аурухананы одан әрі жетілдіру мәселесі жұмысқа алынды.

Сонымен бірге осы аурухананың орналасқан жері мен ауданда халық тығыз орналасқанын ескере отырып, Сарыарқа ауданында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 800 орындық көпсалалы аурухана салынады. Медициналық мекеме әлемдік стандарттарға сәйкес заманауи жабдықтармен жабдықталады", деп жазды Алтай Көлгінов.