Аймақтар • 11 Қараша, 2020

"Астана" университетіне 200 АЕК айыппұл салынды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Астана" университеті тексеру жүргізуге кедергі жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды және 200 АЕК (555 600 теңге) айыппұл төлейді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова айтып берді.

"Астана" университетіне 200 АЕК айыппұл салынды

"Астана" университетінде тексеру жүргізуге бір жылда екі рет әрекет жасалды. Студенттердің өтініші негізінде тексеру тіркелді. Комиссия тексеруге шықты. Алайда университет тарапынан ғимаратқа кіруге кедергі жасалды. Кедергі жасау бойынша сот процесі бүгінгі күні аяқталды. Университет әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылды», - деді комитет басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Оның айтуынша, екінші тексеру биылғы көктемде профилактикалық бақылау ретінде жоспарлы негізде өтуі тиіс еді. Алайда, университет қажетті құжаттарды бермей, тексеруге кедергі келтірді. Онда да университет әкімшілік жауапқа тартылған.

"Осыған байланысты университетте ешқандай тексеру жүргізілген жоқ. Бірақ осы университеттің биылғы түлектері дипломдардын уақытылы ала алмады. Себебі университет биылғы тамыз айында ғана аккредитациядан өткен. Тиісінше, түлектер магистратураға түсе алмады, бірден жұмысқа орналаса алмады", - деді Г. Көбенова.