Мамандардың дерегі бойынша бүгінге дейін 22 оқушының вирус жұқтырған екен. Жұқпалы індет мектепке қатынап оқитын бастауыш сынып оқушыларынан да, үй жағдайында қашықтан білім алып отырған балалардан да табылған.
"Облыс бойынша эпидемиялогиялық ахуал қалыпты. Індет таралуының апталық өсімі 0,2 пайызды құрайды. Соңғы тәулікте аймақта 17 адамнан вирус анықталған. Дерт жұқтыру балалар арасында да байқалды. Індет белгісі анықталған оқушылардың барлығында аурудың симптомсыз түрі жүріп жатыр. Сондықтан, олар үй карантинінде медициналық бақылауда жатыр. Балалармен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығын аранйы зерттеуден өткіздік. Басқа адамдарға жұғу дерегі анықталмаыд", дейді Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Шарапиев.
Жалпы, коронавирустың таралуы жөніндегі кейінгі көрсеткіштің өзгеруіне байланысты облыс орталығы Талдықорғанда сенбі-жексенбі күні кейбір шектеу шаралары қайтадан енгізілді. Өкінішке қарай, ортақ тәртіпті бұзып, карантин ережесін бұзуышлар қатары аз емес екен. ттап өткісі келетіндер әлі көп. Осы орайда Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов бастаған арнайы бақылау тобы қаладағы сауда орындарын, мейрамхана, сондай-ақ, халық көп жиналатын жерлерді аралады.
"Облыстың бас санитарлық дәрігерініңң кейінгі қаулысына сәйкес қойылған талаптарды бақылау үшін қала бойынша төрт тексеру тобы жұмыс істейді. Бір күнде 52 нысанды аралаған сәт те болды. Кіші және орта бизнес субъектілеріне қойылған санитарлық талаптар орындалып жатыр. Алайда тәртіп бұзатындар да жоқ емес. Мәселен, "АЙЯ" мейрамханасы араға апта салып, елу адамды жинап, ас өткізіп жатқан жерінен екінші мәрте ұсталды. Ал сенбі-жексенбіде жиын, той, шара өткізуге тыйым салынған. Яғни, бұл күндері тек тапсырыс бойынша жұмыс істеуге тиісті "Теңіз хан" кафесі де адам қабылдап, қызмет көрсетіп жатқаны үшін хаттамаға ілінді. Сондай-ақ, "Еуразия банк", "Хоум кредит банк" мекемелері мен және "Технодом" сауда үйі де кезектегі ара қашықтықтың сақталмағынана байланысты ескерту алды. Жалпы, қалада карантин талаптарының сақталуы қалыпты. Арақашықтықты сақтау, бетперде киіп жүру тұрақты бақылауда. Тәртіп бұзғандарға айыппұл салынады, одан қорытынды шығармаса, жаза күшейеді. Бақылау тобының жұмысы күнделікті жалғасуда", дейді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова.
Алматы облысы