Аймақтар • 11 Қараша, 2020

Құтқарушылар мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

678 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қараша мен желтоқсан аралығында, яғни тұрақты аяз басталғанға дейін мұз қатпайды. Кешкі немесе түнгі суықта қатқан мұз берік болса да, күндіз ол белгілі мөлшерде еріп, өз тығыздығын жоғалтады. Елордалық құтқарушылар мұз үстінде өзін қалай ұстау керектігін түсіндірді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Құтқарушылар мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Әдетте, су беті біркелкі емес, бөлік-бөлікпен қатады: алдымен жағалауы, судың таяз жері, содан кейін ортасы.

"Бір су айдынында әртүрлі беріктігі мен түрлі салмаққа төтеп беретін мұз қалыңдығын байқауға болады", - деп атап өтті құтқарушылар.
Адамның мұзда қауіпсіз болуының негізгі шарты мұз қалыңдығының салмаққа сәйкестігі болып табылады:

- бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы 7 см кем емес;

- мұз айдынын салу үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы 12 см және одан да көп; 

- жаяу өткелді жасау үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы 15 см және одан көп; 

- автомобильдер өтуі үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы - кемінде 30 см.

Сондай-ақ, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін мұз үстіндегі ережелер бар.
 
1. Ешқандай жағдайда мұзда қараңғы уақытта және ауа-райы қолайсыз болғанда (тұман, қар жауған, жаңбыр) жүруге болмайды.

2.Өзеннен өту үшін мұз өткелдерімен жүріңіз.

3. Мұздың беріктігін аяқпен тексеруге болмайды. Егер ағашпен немесе шаңғы таяқшасымен соққаннан кейін су көрінсе, бұл мұздың жұқа екенін білдіреді. Сіз оның үстімен жүре алмайсыз. Бұндай жағдайда аяқты мұздан ажыратпай, иық тұсына дейін аяқтарыңызды ашып, сырғымалы қадамдармен келген ізіңізбен дереу қайта кету керек. Мұз жарылған немесе шытынаған жағдайда да дәл осындай әрекеттер жасау қажет.

4. Егер мұз бетінен өтуге мәжбүр болсаңыз, жүріп өткен жолдың немесе шаңғы жолының ізімен жүруге тырысыңыз. Егер ондай жол болмаса, сіз айналаңызға мұқият қарап, алдағы маршрутты белгілеуіңіз керек.

5. Мұз бетінен топпен өткен кезде әр адам арасында 5-6 м қашықтық болу керек.

6. Мұз басқан өзенді (көлді) шаңғымен өткен дұрыс, бұл ретте: қажет болған жағдайда оларды тез шешу үшін шаңғылардың бекіткішін ашыңыз; шаңғы таяқтарын қолыңызда ұстаңыз, қауіп төнген жағдайда оларды дереу тастау үшін ілмегін қолыңызға тақпаңыз.

7. Егер рюкзак ұстап жүрсеңіз, оны бір иыққа іліп алыңыз. Бұл мұз жарылып, суға батсаңыз, жүктен тез босауға көмектеседі.

8. Мұз басқан суға түсу үшін ұзындығы 20-25 метр болатын берік сым және үлкен ілмек пен жүк алып жүру керек. Жүк ілінген сымды суға түсіп кеткен адамға лақтыру оңай болады, зардап шегуші оны қолтық астына өткізіп, сенімді ұстап тұруы үшін ілмек қажет.

9.Ата-аналардан балаларды мұзға (балық аулауға, шаңғымен және конькимен сырғанауға) қараусыз жібермеуді сұраймыз.

10. Су айдынында ең жиі кездесетін қайғылы жағдай ішімдіктің кесірінен болады. Адам басына төнген қауіпті сезбей, төтенше жағдайда дәрменсіз күйде болады.