Қоғам • 11 Қараша, 2020

Мысырдан келген жолаушыдан вирус анықталды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов шетелден ұшып келген жолаушыларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Мысырдан келген жолаушыдан вирус анықталды

Санитар дәрігердің айтуынша, бүгін түнде Шарм-әл-Шейхтен Нұр-Сұлтанға 241 жолаушысы бар ұшақ қонған. Олардың 22-сінде ПТР анықтамасы болмағандықтан, 7 күндік карантинге жатқызылды.

Осылайша, карантинге жатқызылған жолаушылар біреуінен тесттің нәтижесі шығып, коронавирус жұқтырғаны анықталды.