Ауа райы • 11 Қараша, 2020

Бірнеше облыста көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бірнеше облыста көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды

12 қараша Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Орал қ.: 12 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

12 қарашада Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі.

12 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ: 12 қарашада көктайғақ күтіледі.

12 қарашада Ақтөбе облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

12 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

12 қарашада Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерінде 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Өскемен қ.: 12 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Семей қ.: 12 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%