Пікір • 12 Қараша, 2020

Тілдің болашағы – баршамыздың қолымызда

341 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Дүниеге орыс болып келсем де, рухым қазақ деп білемін. Себебі көпұлтты Қазақстан елінің перзентімін. Жүзден аса ұлт­тың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жат­қан жердің топырағын басып, суын ішіп өстім. Бала кезден қазақ тілін жетік меңгеріп, бүгінде мемлекеттік қызметте елі­міз­дің дамуына өз үлесімді қосып жүрген азаматтың бірімін.

Тілдің болашағы – баршамыздың қолымызда

Қазақстанның биік шаңы­рағында татулық пен бірлік, ын­­ты­мақтастық пен достық ор­на­ға­ны – бәріміз үшін мақ­та­ныш. Бұл ретте тәуел­сіз­дік­­тің алғашқы жылдары құ­рыл­ған Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының маңызы зор. Тәуелсіз Қазақстан мемле­ке­ті – бейбітшілік мекені. Қазақ халқы өз жеріне тағдыр айдап келген барша өзге ұлт өкіл­де­рін сыртқа тепкен емес. Кері­сінше, қанына сіңген бауыр­мал­ды­лығымен құшақ жайып қарсы алды. Басқа түскен қиын тағдырдың қасіретін бірге арқа­ла­ды. Соның арқасында бүгінгі бей­біт күнге жеттік.

«Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айтпаса керек. Ауыз­бірлік пен түсіністік, қа­ра­­пайым сыйластық үстемдік құр­ған жерге қашанда нәтижелі іс­тердің атқарылатыны белгілі. Елі­мізде қалыптасқан ұлттар тұ­тас­тығы мен халықтар досты­ғы­­ның арқасында бүгінде мем­ле­кетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Қазақстан ұлтаралық қа­тынас саясатында əлемдік ке­ңіс­тікте əрқашан өнеге тұ­та­тын ел болып қала береді. Қазақстандық тəжірибе, яғни Қазақстан халқы Ассамблеясы Біріккен Ұлт­тар Ұйымы мен Еуропадағы қауіп­сіз­дік жəне ынтымақтастық ұйы­мы сынды халықаралық құры­лым­­дар­дың жоғары бағасын алды. Шы­нында да, бұл – əлем жұ­рт­­шылығының назарын аударт­қан ерен құбылыс. Ас­сам­­­б­лея тек елдегі этностар ара­­сын­да­ғы мәсе­лемен шек­тел­мей, ха­лық­аралық қаты­нас­­тарға да өз үлесін қосып, бұл реттегі мәсе­­лелерді тиімді шешуге зор ықпал жасап, елі­міз­дің халық­­аралық беделін көте­ру­ге үлес қосуда. Бұл ретте Ас­сам­б­леяның ұйытқысы Қа­зақ­стан­­­ның Тұңғыш Прези­ден­ті – Ел­ба­сының еңбегі мен сарабдал саясатын атап өтпеске болмас.

Әр халықтың басты бай­лы­ғы, баға жетпес қазы­на­сы – ана тілі. Ана тіліне салғырт қарау – өз халқының өткеніне, бүгініне, бола­шағына немқұрайды қарау деген сөз. Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының мемлекеттік тілін, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу – әрқайсымыздың асыл парызымыз. Біздің Ата За­ңы­мызда «Қазақстан Респуб­лика­сының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылған. Тіл – адамның барлық саналы өмірінің маңызды бөлігі. Адамзат баласы өнер-білімді, мәдениеттілікті тіл арқы­лы үйренеді. Тіл – байланыс.

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев «Бір мақсат, бір мүд­де, бір болашақ» атты Жол­дауында: «Енді ешкім өзгерте ал­майтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгі­лік тіл болды. Бұл мә­селені дау­дың тақырыбы емес, ұлттың ұйыт­қысы ете білгеніміз жөн. Біз­дің тіліміз мемлекеттің барлық жүйе­сінде қолданылуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет» деген сөздерін барша қазақстандық жадынан шығармауы керек.

Тәуелсіздіктің рухын ас­қақ­­та­тып тұратын тілдің мәр­тебесін көтерудегі ауқым­ды істің басы-қасында Ел­басы Нұрсұлтан Назар­баев­тың жүруі үміт сыйлай­ды, мәселенің маңы­зын түсін­діреді. Тұңғыш Прези­дентіміз «Біз барша қазақстан­дық­тарды біріктірудің басты фак­торы болып табылатын қа­зақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді сал­уы­мыз керек... Сонымен бір­ге елімізде тұратын барлық халық өкілдерінің ана тілінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыруымыз қажет», деп атап көрсет­кен болатын. Қазақ тілі­нің өз мәрте­бесіне сай то­лық­қанды қо­­ғам­дық қызмет атқа­руы аса қа­нағаттанғысыз еке­нін жан-тә­німізбен түсіне оты­рып, бүгінде «Тіл туралы» заңның жүзеге асуын
ұлт болып қамтамасыз етуіміз қа­жет.

Мен осы уақытқа дейін ат­қар­­ған қызметтерім болсын, қо­ғамдық ортада болсын, үнемі тек қазақ тілінде сөйлеуге және ой-пікірімді тек мемлекеттік тілде білдіруге тырысамын. Қыз­мет­­тік жиналыстарды қазақ ті­лін­де жүргізіп, қарамағымдағы әрбір әріп­тесімнен де осыны талап етемін.

Тілді дамыту – мемле­кет­тік саясаттың аса маңызды ба­ғыт­тарының бірі. Жалпы, мем­­ле­­кеттік тіл саясатын толық­қан­ды жүзеге асыру бұл бұқа­ра­­лық іске айналғанда ғана көз­де­ген мақ­сат­қа жете аламыз деп санаймын.

Тілдің болашағы – барша­мыз­дың қолымызда.

 

Вячеслав ВАВИЛИН,

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі